Зиянды әдеттер және репродуктивті денсаулық (ТМД 3)Farabi University

Зиянды әдеттер және репродуктивті денсаулық (ТМД 3)

8 сәуір, 2025

 

2025 жылғы 8 сәуірінде Молекулалық биология және генетика кафедрасы  «7М05119 - Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Амантаева А.С. және PhD, доцент м.а. Ловинская А.В. ұйымдастыруымен «Зиянды әдеттер және репродуктивті денсаулық» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараға «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты.

Кураторлық сағат барысында зиянды әдеттердің ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсер етуінің негізгі аспектілері қарастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің темекі шегу, алкоголь және есірткі заттарын қолдану, аз қозғалысты өмір салты және созылмалы стресс сияқты зиянды факторлардың ұрпақ өрбіту қабілетіне және болашақ ұрпақтың денсаулығына кері әсері туралы ақпараттылығын арттыру болды. Іс-шараның тақырыбы Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсатына (ТДМ 3) – «Салауатты өмір мен әл-ауқатты қамтамасыз ету» аспектілеріне арналды.

Материалды бекіту мақсатында интерактивті пікірталас ұйымдастырылып, студенттер өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы