Көлік логистикасы саласындағы жұмыс берушілердің тәжірибесі мен талаптары» тақырыбындағы воркшоп IV Халықаралық Фараби форумы аясында өттіFarabi University

Көлік логистикасы саласындағы жұмыс берушілердің тәжірибесі мен талаптары» тақырыбындағы воркшоп IV Халықаралық Фараби форумы аясында өтті

10 сәуір, 2025

2025 жылғы 8-9 сәуір аралығында өткен IV Халықаралық Фараби форумы және «Жаһандықөзгерістер жағдайында тұрақты экономикалық дамудыңпарадигмасы: сын-тегеуріндер, салдарлар, мүмкіндіктер» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Бизнес-технологиялар» кафедрасы көкейтесті тақырыпқаарналған воркшоп ұйымдастырды: «Көлік логистикасысаласындағы жұмыс берушілердің тәжірибесі мен талаптары».

Воркшопты халықаралық логистикалық компания – «MK - Global logistics» https://mkgloballogistics.kzнегізін қалаушы әрі директоры Манап ЗаринаКенжебекқызы жүргізді. Іс-шара барысында ол нақтыпрактикалық кейстермен бөлісіп, саланың заманауисын-қатерлерін талқылап, логистика мен халықаралықтасымалдау саласындағы еңбек нарығында сұранысқаие негізгі құзыреттерді атап өтті.

Воркшоп оқытушылар тарапынан үлкенқызығушылық тудырды. Қатысушылар сарапшығасұрақтар қойып, мансаптық даму мен білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы тиімдіөзара іс-қимылдың мүмкін болатын бағыттарынталқылауға мүмкіндік алды.

Іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға арналғанмаңызды алаңға айналып, ғаламдық экономиканыңжылдам өзгеріп жатқан жағдайларына бейімделеалатын мамандар даярлаудың маңыздылығын көрсетті.