«Оркестр: дыбыстар мен ритм әлеміне ену» тақырыбында музыкатерапия бойынша шеберлік сабағыFarabi University

«Оркестр: дыбыстар мен ритм әлеміне ену» тақырыбында музыкатерапия бойынша шеберлік сабағы

9 сәуір, 2025

2025 жылдың 9 сәуірінде ТДМ-4 «Сапалы білім» және ТДМ-17 «Әріптестік және ынтымақтастық» мақсаттарын жүзеге асыру аясында «ОРКЕСТР: ДЫБЫСТАР МЕН РИТМ ӘЛЕМІНЕ ЕНУ» тақырыбында музыкатерапия бойынша шеберлік сабағы өтті. Шараны МАБ колледжінің практик психологы Зухра Ыстыбай жүргізді. Шеберлік сабағына 3-курс студенттері мен 1-курс магистранттары қатысып, музыкалық терапияның негізгі әдістерімен танысып, шынайы музыкалық аспаптарда ойнауға мүмкіндік алды.

Шеберлік сабағының мақсаты — музыкалық жаттығулар арқылы топ ішінде бірлесіп әрекет ету дағдысын дамыту. Студенттер тыңдау қабілетін, эмоцияны білдіруді және босаңсуды үйренуге бағытталған тапсырмаларға белсене қатысты. Музыканы емдік құрал ретінде қолдану студенттердің өзін жақсырақ танып, топпен қарым-қатынас орнатуына көмектесті. Бұл олардың стрессті азайтып, психоэмоциялық жағдайын жақсартуға ықпал етті.

Шара нәтижесінде қатысушылар психология саласында білімдерін тереңдетіп, музыканың эмоциялық қолдау мен жеке тұлғалық даму құралы ретінде маңызын түсінді.

Іс-шараны ұйымдастырғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Садвакасова З. М., сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «Психология» және «Клиникалық Психология» мамандықтары бойынша 1-курс магистранттары – Шаранда Антон,  Акынбаева Айгерим, Жульков Никита, Сидоренко Камила, Маратқызы Зарина.