Қалалардағы қауіптерді басқару: Урбандалған аумақтарды климаттың өзгеруіне қалай бейімдеу керекFarabi University

Қалалардағы қауіптерді басқару: Урбандалған аумақтарды климаттың өзгеруіне қалай бейімдеу керек

11 сәуір, 2025

Бұл тақырып бойынша кураторлық сағат өткізудің мақсаты: Климаттың өзгеруіне байланысты урбандалған аумақтарда туындайтын табиғи және техногендік қауіптер туралы студенттерге түсінік беру, сондай-ақ қауіптерге бейімделу жолдарын талқылау және тұрақты даму қағидаларын насихаттау. Сонымен қатар, тақырып «ТДМ 11- Тұрақты қалалар және елді мекендер» бағытына сай өткізілді. Сағат барысында қарастырылған негізгі мәселелер: климаттың өзгеруі мен оның қалалық ортаға әсері, урбаналудың экологиялық салдары, қалалардағы қауіптерге бейімделу стратегиялары.

Кураторлық сағат интерактивті әрі мазмұнды өтті. Студенттер қалалардағы климаттық қауіптерді түсінді, қауіптерді азайту жолдарын ұсынды, бейімделу мен тұрақты дамудың өзара байланысын ұғынды. Бұл тақырып олардың кәсіби бағыттарына сай келетін, заманауи маңызды мәселелердің бірі ретінде жоғары бағаланды.