Механика кафедрасының мақтаныштары!✊Farabi University

Механика кафедрасының мақтаныштары!✊

14 сәуір, 2025

Студенттік бизнес-инкубаторлар аясында өткен “Үздік инновациялық жоба” байқауында 1-орынды иемденген — “Робототехникалық жүйелер” білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Қалжан Асхат. Ғылыми жетекшісі: Сагитжанов Бирлик. Бұл жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 9-мақсатына — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» — тікелей сәйкес келеді.

Студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында:
    •    1-орын иемденген — “Механика” БББ-ның 4 курс студенті Ерланов Ренат.
    •    2-орын иемденген — “Робототехникалық жүйелер” БББ-ның 1 курс магистранты Орынов Руслан.
    •    3-орын иемденген — “Механика” БББ-ның 2 курс магистранты Жумабаева Таншолпан.

Олардың ғылыми жұмыстары қазіргі заманғы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған және БҰҰ-ның бірнеше Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде 4-мақсат — «Сапалы білім», 9-мақсат — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» және 17-мақсат — «Тұрақты даму мүддесінде әріптестік» бағыттарына сай келеді.

Олар өз білімдері мен ғылыми ізденістерінің нәтижесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кафедраның абыройын асқақтатып отыр. Біз осындай дарынды, белсенді студенттерімізді мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз! 

Ахметова Балжан Ибрагимқызы