Қазақ тілі - құқықтық сауат пен заң тілі

2025 жылдың 15 сәуірінде «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс магистранттары мен кураторлары 1 курс студенттерімен «Қазақ тілі - құқықтық сауат пен заң тілі»атты тәрбие сағаты өткізді.
Бүгінгі күнде жастардың құқықтық сауаттылығы мен ана тіліміздегі заң терминдерін жетік меңгеруі – қоғам дамуының басты шарттарының бірі. Осыған орай, өткізілген іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық білімін арттыру, заң нормаларын қазақ тілінде түсінікті әрі сауатты қолдануға дағдыландыру, сондай-ақ ана тіліміздегі ресми стиль ерекшеліктерімен таныстыру болды. Тәрбие сағатында студенттер еліміздің Ата Заңы, бала құқығы, азаматтық жауапкершілік сынды маңызды ұғымдармен танысып, құқықтық терминологияның мағынасын талдады.
Сабақ барысында қазақ тіліндегі заң мәтіндерімен жұмыс жүргізіліп, оқушылар түрлі жағдайларда өз құқықтары мен міндеттерін заң тілінде қалай жауап беру қажет екенін үйренді.
Іс-шара студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, құқықтық сауатын арттыруға бағытталған тиімді қадам болды. Сонымен қатар, бұл тәрбие сағаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыруға және оның құқықтық саладағы қолданысын насихаттауға өз үлесін қосты.
Басқа жаңалықтар

