Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Нуркалиев Нұрсұлтан "Фараби әлемі" атты жыл сайынғы студенттік конференцияның жүлдегері атанды.Farabi University

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Нуркалиев Нұрсұлтан "Фараби әлемі" атты жыл сайынғы студенттік конференцияның жүлдегері атанды.

15 сәуір, 2025

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Нуркалиев Нұрсұлтан "Фараби әлемі" атты жыл сайынғы студенттік конференцияның жүлдегері атанды.

«Жапон қоғамының архетиптері» тақырыбындағы баяндамасымен Нұрсұлтан «Қоғам және дін» секциясында 1-орын, факультет бойынша 3-орын иеленіп, 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Архетиптер — ұжымдық бейсаналықта қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тұрақты символдық бейнелер мен мінез-құлық үлгілері. Жапон қоғамында архетиптер дәстүрлі құндылықтар, мәдени нормалар, мифологиялық және діни ұғымдар арқылы көрініс тауып, қазіргі әлеуметтік-мәдени тәжірибеде байқалады.

Жұмыстың өзектілігі — жапондық болмыстың және қоғамдық ұстанымдардың қалыптасуындағы ішкі тетіктерді тереңірек түсіну қажеттілігіне негізделген. Бұл тек шығыс қоғамдарын теориялық тұрғыда зерделеу үшін ғана емес, сондай-ақ халықаралық талдау, мәдениетаралық коммуникация және білім беру салаларында да маңызды.