«Тұрақты даму мүддесі тұрғысындағы әріптестік және сыбайлас жемқорлықпен күресуFarabi University

«Тұрақты даму мүддесі тұрғысындағы әріптестік және сыбайлас жемқорлықпен күресу

15 сәуір, 2025

БҰҰ-ның орнықты дамуы мақсаты № 17 аясында, жаһандық әріптестік шеңберінде, Қазақстан Республикасының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 25 ақпан 2024 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚАҚ Қарағанды университетінде, Қазақстан Республикасы жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларының және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша» республикалық семинар өтті. Республикалық семинарды Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, стратегиялық даму бойынша проректоры PhD доктор Ербол Жанбырбайұлы Сармурзин ашты және модераторлық етті. Семинарды салтанатты түрде Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің басшысы Перов Сергей Николаевич ашты. Республикалық семинарға зум арқылы онлайн Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Білім беру комитетінің төрағасының орынбасары Абылайхан Ақерке баяндама жасады. Сонымен қатар семинар аясында көптеген өзекті тақырыптарға баяндамалар жасалды. Атап айтқанда, Е.А. Бөкетов атындағы ҚАҚ Қарағанды университетінің, аға оқытушысы Тоқатов Руслан Алтайұлының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Парасаттылық және Адал азамат тұжырымдамасын дәріптеу» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылардың тарапынан жоғары бағаланды. Семинардың соңында қатысушылардың арасында тренинг-сабақ өткізілді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті және қатысушыларға сертификатты салтанатты түрде Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің басшысы Перов Сергей Николаевич табыстады. Семинарға қатысушылар естелік фото суретке түсті. Аталған семинарға бастан аяқ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұллтық университеті, «Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Н.С. Джетибаев та қатысты және қатысқандығы туралы сертификат алды.