Бейбітшілік, әділсоттылық және тиімді институттар және «полицияның бір күні» шарасыFarabi University

Бейбітшілік, әділсоттылық және тиімді институттар және «полицияның бір күні» шарасы

15 сәуір, 2025

БҰҰ ТДМ № 16 аясында 28 наурыз 2025 жылы М.Есболатов атындағы Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі Алматы академиясында «Полицияның бір күні» тақырыбы аясында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында жоба шарасы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Аталған студенттерді «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Н.С. Джетибаев алып барды. Аталған шараны ҚР ішкі істер министрінің орынбасары,полиция генерал-майоры Сайтбеков Айдар Муталикович құттықтау сөзімен ашты. Одан кейін GIZ «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу» аумақтық бағдарламасының жетекшісі Штефан Бухмаер сөз сөйледі. Одан кейін Алматы қ. ПД ЭҚІҚБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Касенов Диас Ергазыевич «Қазіргі жағдайда экстремизмнің алдын алу» ттренинг өткізді. Аталған тренингтен кейін студенттерге полиция техникасының көрмесі өткізілді. Полиция техникасының көрмесінен кейін студенттер кримиполигонға барып «Өзін-өзі қорғаудың жауынгерлік әдістері, дәрігерге дейінгі көмек» әрекетін көрді. Студенттерге академия тарапынан түскі ас жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Түскі астан кейін Қорытындылау, марапаттау рәсімі (іс-шара нәтижелерін талқылау, қатысушылардың тілектері мен пікірлері, сертификаттар тапсыру, естелік суретке түсіру және т.б.). Университемізден барған барлық студенттер мен оларға жетекшілік жасап барған университетіміздің аға оқытушысы, з.ғ.к., Н.С. Джетибаевқа сертификаттар тапсырылды.