- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің емтихан сессиясына дайындық жұмыстары
2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің емтихан сессиясына дайындық жұмыстары

2025 жылдың 15 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында 2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің емтихан сессиясына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында кафедра мәжілісі өтті.
Іс-шараны кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Г.А. жүргізді, Академиялық Комитет мүшесі аға оқытушы Есекеева А.А. "Көктемгі сессияға дайындық жұмыстарын пысықтау" тақырыбында баяндама жасады.
Кафедра мәжілісіне Заң факультетінің деканы Ахатов У.А., Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кадрларды даярлау жөніндегі білім беру саласындағы кадрларды даярлау жөніндегі Академиялық Комитет төрайымы Ибраева А.С., Білім беру және оқыту сапасы жөніндегі академиялық комитет төрайымы Урисбаева А.А., арнайы қатысып, академиялық саясат пен емтихан сессиясы кезінде қолданылатын бақылау жүйесі туралы қосымша ақпарат берді.
Сонымен қатар, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы толық құрамда қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты және вебинар барысында қойылған сұрақтарға белсенді түрде қатысты.
Басқа жаңалықтар

