- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында оқыту семинары өтті
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында оқыту семинары өтті

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында оқыту семинары өтті.
2025 жылдың 17 сәуірінде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Жастар есірткіге қарсы» арналған оқыту семинары өтті. Іс-шара әділ және тұрақты қоғам құруға бағытталған БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты – студенттерге есірткіге тәуелділіктің зияндарын түсіндіріп, жастар арасында есірткіге қарсы тұрудың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық жолдарын зерттеу.
Шараға «Биомедицина» мамандығының 6B05108 Биомедицина 1 курс студенттері қатысты. Негізгі баяндамалар: қазіргі таңда есірткі мәселесі әлемнің әртүрлі елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өткір тұрғандығы айтылды. Есірткіге тәуелділік жастардың денсаулығына ғана емес, бүкіл қоғамға зор зиян келтіреді.
Әсіресе, есірткіге тәуелділіктің зияндарын және онымен күресу жолдарын қарастырдық. Есірткіге қарсы тұру – әр адамның, қоғамның және мемлекеттің міндеті. Есірткіге қарсы күрес үшін білім мен құқықтық сауаттылық, әлеуметтік қолдау мен жастарға дұрыс тәрбие беру маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қатысушылар осы мәселені шешуде білім беру мен ғылыми зерттеулердің рөлін де талқылады.
Шара соңында университетте есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды жиі өткізу қажеттілігі айтылды. Бұл бағдарламалар жастарға есірткінің зиянды әсерлерін түсіндіріп, оларды тәуелділіктен сақтауға бағытталған болуы керек. Осындай іс-шараларда жастарға есірткі қолданудың салдары мен оның психологиялық және әлеуметтік әсері туралы нақты ақпарат берілуі тиіс. Осы секілді сенімділікті арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалды. Ұйымдастырушылар іс-шара нәтижелері Қазақстандағы тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған болашақ бастамаларға негіз болады деген үміт білдірді. Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Биофизика, биомедицина және
нейроғылым кафедрасының
аға оқытушысы Үсіпбек Б.А.
Басқа жаңалықтар

