ПӘКІСТАН ЕЛШІСІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2025 жылғы 15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы онлайн-форматта Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Науман Башир Бхаттимен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелрін талқылады.
Кездесуде келесі негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргілізді:
- Урду тілін ғылым тілі ретінде дамыту және зерттеу аясын кеңейту.
- Пәкістандық профессорлардың ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқу мүмкіндіктері
- Алматыдағы Пәкістандық бизнес қауымдастықпен байланыс
Алматы қаласындағы пәкістандық кәсіпкерлермен бірлесіп жобалар жүзеге асыру, студенттер үшін тәжірибеден өту, тағылымдама және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері көтерілді.
Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта нақты жобалар аясында ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендерін білдірді. Бұл кездесу екі ел арасындағы білім беру саласындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар

