Шығыстану факультетінің 24 магистранты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған ғылыми тағылымдамаға қатыстыFarabi University

Шығыстану факультетінің 24 магистранты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған ғылыми тағылымдамаға қатысты

15 сәуір, 2025

2025 жылғы 26 наурыз бен 9 сәуір аралығында Шығыстану факультетінің 24 магистранты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ұйымдастырылған ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Бұл жоба магистранттардың білім алу жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болып, олардың шығыстану саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге ықпал етті.

Тағылымдама мазмұнды да қарқынды жағдайда өтіп, студенттердің ғылыми қызығушылықтарының дамуына және кәсіби ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында дәрістер, практикалық жұмыстар мен экскурсиялар ұйымдастырылып, магистранттар тек теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, тәжірибе де жинақтай алды.

Тағылымдама аяқталған соң барлық қатысушыларға бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Оқытушылар мен тәлімгерлер магистранттардың жоғары мотивациясын және іс-шараларға белсенді қатысқанын ерекше атап өтті. Бұл тағылымдама бағдарламасы ары қарай да жалғасып, шығыстану саласындағы кәсіби білім мен тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік ұсынатынына сенімдіміз.