- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасының «7М02217 Шығыстану» мамандығының 1 курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Қиыр Шығыс кафедрасының «7М02217 Шығыстану» мамандығының 1 курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында ашық тәрбие сағатын өткізді.

2025 жылғы 14 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының «7М02217 Шығыстану»
мамандығының 1 курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның тақырыбы – «Заманауи әлемдегі отбасы және оның тәрбиелік маңызы». Тәрбие сағатына Шығыстану мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Іс- шараның мақсаты – жастарға отбасы құндылықтарын түсіндіру, олардың отбасылық тәрбиеге деген көзқарасын қалыптастыру және студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру болды. Сағат барысында келесі мәселелер талқыланды:
– Отбасы құндылықтары мен олардың қоғамдағы рөлі;
– Отбасы түрлері және олардың ерекшеліктері;
– Студенттердің қай отбасы моделін дұрыс деп санайтыны және олардың өз отбасылары қандай модельге жататыны анықталды.
Сонымен қатар, қатысушылармен сұрақ-жауап форматында ойын өткізілді, арнайы психологиялық тест ұсынылып, отбасын құру және бала тәрбиесі тақырыбына арналған әдебиеттер каталогы таныстырылды. Әрбір қатысушыға арнайы дайындалған шағын сыйлықтар мен кітапша-каталогтар таратылды.
Ұйымдастырушылар:
«7М02217 Шығыстану» мамандығының 1 курс магистранттары Алпысбай Д.Т.
Қайсар Қ., Бидакмет А.Н., Жақсылық Н.А., Субебек Б.
Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Қыдырбаев Б.М.
Басқа жаңалықтар

