- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Болашақ медицинасы. Медицинадағы жасанды интеллектінің орны" тақырыбындағы студенттік дөңгелек үстел
"Болашақ медицинасы. Медицинадағы жасанды интеллектінің орны" тақырыбындағы студенттік дөңгелек үстел

2025 жылдың 15 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі аурулар кафедрасының базасында "Болашақ медицинасы. Медицинадағы жасанды интеллектінің орны" тақырыбында студенттік дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға студенттер, докторанттар және жас ғалымдар қатысты.
Студенттер болашақ медицинаны және жасанды интеллектінің медицинадағы рөлін талқылады.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – жасанды интеллектті (ЖИ) медицинаның әртүрлі салаларында қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда диагностика, реабилитация, басқару және жеке тәсілді емдеуде пайдалану перспективаларын қарастыру болды.
Қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады:
-
жасанды интеллект арқылы қазіргі таңда медицинаның қандай міндеттері шешімін табуда;
-
алгоритм дәрігерді толықтай алмастыра алады ма, әлде бұл тек дәрігердің қолындағы құрал ма;
-
денсаулық сақтау жүйесі 10–20 жылдан кейін қандай болады?
Сандық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында дәрігердің рөлі қалай өзгеретіні туралы пікірталас ерекше қызығушылық тудырды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға тақырыпқа қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіріп, болашақ дәрігерлерді цифрлық денсаулық сақтау жағдайында жұмыс істеуге дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында спикерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ең үздік баяндамалардың авторлары мен пікірталаста белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Басқа жаңалықтар


