Криосфераны зерттеу және ЮНЕСКО аясындағы (II санатты) Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі жөніндегі семинарFarabi University

Криосфераны зерттеу және ЮНЕСКО аясындағы (II санатты) Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі жөніндегі семинар

16 сәуір, 2025

2025 жылдың 11 сәуірінде метеорология және гидрология кафедрасында « ЮНЕСКО аясындағы (II санатты) Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара Мұздықтарды сақтау халықаралық жылы аясында өткізіліп, 6 және 13 ТДМ жүзеге асыру шеңберінде өз үлесін қосты.

Семинардың ашылуында ЮНЕСКО аясындағы (II санатты) Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының директоры, профессор Такир Оспанович Балыкбаев сөз сөйлеп, климаттың өзгеруі жағдайында криосфераны жүйелі түрде зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Докладтармен орталықтың жетекші ғылыми қызметкерлері сөз сөйледі: к.г.н. Нина Валерьевна Пиманкина – қар мен мұздық ресурстары динамикасын бақылау зертханасының жетекшісі, к.г.н. Александр Леонидович Кокарев – орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, Василий Петрович Капица – биіктаулы геокриология зертханасының жетекшісі.

Олар Қазақстандағы мұздықтардың деградациясы, таулы криосфераны зерттеу әдістері және мұздық жүйелерді кешенді бақылау негіздері туралы баяндамалар жасады.

Семинарға метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары белсене қатысып, ұсынылған мәселелерге үлкен қызығушылық танытты.

Іс-шара аймақтық тұрақты даму мәселелерінде ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және жастардың климаттың өзгеру мәселелері бойынша ақпараттануын арттыруға ықпал етті.