Тіл білімін дамытудың жаңа бағыттары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көрнекті лингвист ғалым, профессор Элеонора Сүлейменованың 80 жылдығына арналған «Ұстаз және шәкірт: зерттеу көкжиегі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Жиынға қазақстандық ғалымдармен қатар, шетелдік зерттеушілер, университет оқытушылары мен білім алушы жастар қатысты.
Ғылыми басқосуды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, мерейтой иесіне ізгі тілегін білдірді. Өз сөзінде ректор ұстазы әрі тәлімгері, профессор Элеонора Дүйсенқызының жетістіктері мен елеулі еңбектеріне тоқталды.
«Көрнекті ғалымның ғылыми мектебі – тек академиялық орта ғана емес, тіл мен әдебиетті үйренудің озық тәсілдері қалыптасатын нақты идеялар зертханасы. Профессор Элеонора Сүлейменова отандық және халықаралық тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосты. Жалпы және қарама-қарсы лингвистикаға, теориялық және қолданбалы лексикографияға, әлеуметтік лингвистикаға, корпустық лингвистикаға және екінші тілді меңгеру теориясы мен практикасына маманданған күшті ғылыми мектеп құрды. Үлкен ғалым әрі педагог Элеонора Сүлейменова шынайы талант иесі. Кәсіби біліктілігі мен батылдығы, ұсынған идеяларының өзектілігі, сарқылмас шығармашылық энергиясы, мақсатқа жете білуі және еңбексүйгіштігі жас ғалымдарға үлгі-өнеге», – деді университет ректоры.
Сондай-ақ жиында Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестердің құрметті президенті Дэн Дэвидсон, Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығының президенті Владимир Толстой, М.В.Ломоносов атындағы ММУ проректоры Татьяна Кортава, филология ғылымының докторы, РУДН профессоры Ұлданай Бахтыгереева, СФУ профессоры Вероника Разумовская және басқалар сөз сөйлеп, баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар лингвистикалық ғылым мен филологиялық білім берудің жаңа бағыттары мен даму келешегін талқылады.
Іс-шара аясында профессор Элеонора Сүлейменованың жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

