МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ РӨЛІ: ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

Әрбір мектеп оқушысының болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуі-оның келешегі, тағдыры, болмысы, тіпті өмірі деп айтуға болады. Ең бастысы, өзгеге еліктемей, өз жүрек қалауымен қалаған мамандығын таңдау. Бұл – үлкен жауапты іс. Осы орайда, мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі түрде жүргізу жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің 1 курс магистранттарымен бірге Алматы қаласындағы №198 мектептің 10 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Климаттың өзгеруімен күрес, жасыл химия және көмір қышқыл газын азайту жолдары» тақырыбында тұрақты даму мақсаттарына байланысты ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақ ТДМ-ның 13-ші тақырыбына сәйкес «Климаттың өзгеруімен күрес жолдарына» арналған білім беру аясында энергия мен оның жаңартылатын көздерін пайдалану мәселелерін тереңірек түсінуге бағытталған. Магистранттар сабақтың тақырыбы мен мақсатын қысқаша түсіндіріп, климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының атмосферадағы рөлі туралы негізгі ақпарат берді. Жасыл химия ұғымы, оның экологиялық таза өндіріс процестеріндегі маңызы талқыланды, сонымен қатар көмірқышқыл газын азайту жолдары, жаңартылатын энергия көздері (күн, жел, су энергиясы және т.б.) мен олардың артықшылықтары туралы презентация көрсетіліп, сұрақ-жауап сессиясын ұйымдастырылды. “Құм астындағы жылан” деп аталатын тәжірибе көрсетіліп, логикалық сұрақтар қойылды. Осының барлығы оқушылардың химия пәніне деген көзқарасын өзгертіп, факультетімізге келіп, ғылыми жұмыстармен айналысуға ұсыныстарын білдірді.
Кәсіби бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Себебі келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.
Басқа жаңалықтар

