Су – тіршілік көзі: оны сақтау – ортақ міндетімізFarabi University

Су – тіршілік көзі: оны сақтау – ортақ міндетіміз

16 сәуір, 2025

2025 жылдың 16 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары Г. Уәлиханова мен К. Душаева эдвайзерлік топтары 1-курс 102 және 103-топ студенттеріне Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) №6 — «Таза су және санитария» тақырыбы аясында ашық тәрбие сағаты өтті. 
Су — тіршіліктің негізі, өмірдің өзегі. Бұл тақырыптың ТДМ тізімінде алдыңғы қатарда тұруы бекер емес. Қазіргі таңда әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам таза ауыз суға тұрақты түрде қол жеткізе алмай отыр. Қазақстанда да бұл мәселе өзекті бола түсуде — климаттың өзгеруі, суды ысыраппен пайдалану, экологиялық жағдайдың нашарлауы су тапшылығын ушықтыра түсуде. 
Осындай маңызды мәселені көтеруді мақсат еткен ашық тәрбие сағатында студенттерге ауыз су тапшылығы туралы тың деректер ұсынылып, суды үнемдеу жолдарын көрсететін слайдтар мен постерлер таныстырылды. Шара барысында су тақырыбына арналған өлеңдер оқылып, мақал-мәтелдер айтылды. Сонымен қатар, «Сұрақ-жауап» айдары арқылы студенттер белсенді түрде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 
Тәрбие сағаты студенттерге суды үнемді әрі саналы пайдаланудың маңыздылығын ұғынуға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ жеке экологиялық жауапкершіліктерін арттыруға ықпал етті. Шара соңында студенттер су үнемдеудің жаңа тәсілдерін меңгеріп, күнделікті өмірде оны қолданудың маңызын түсінді. 
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары Г. Уәлиханова мен К. Душаева.