Естаев Амирхан СыргалбаевичFarabi University

Естаев Амирхан Сыргалбаевич

1 сәуір, 2025

Туған күні: 1959 жылғы 13 қараша
Туған жері: Қазақ КСР, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылы

Білімі:

1982 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Кәсіби жұмыс тәжірибесі:

Амирхан Естаев құқық қорғау және мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті заңгер. Ол еліміздің прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған.

  • 1998–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аға прокуроры, бөлім бастығы
  • 1999–2000 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі
  • 2000–2002 жж. – Қазақстан Республикасының Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары
  • 2002–2005 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары
  • 2005–2006 жж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы
  • 2006–2009 жж. – Атырау облысы және Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменттерінің бастығы
  • 2009–2011 жж. – Алматы қаласының прокуроры
  • 2014 жылдан бастап – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі

Мемлекеттік наградалары:

  • «Даңқ» ордені II дәрежесі
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • «Астананың 10 жылдығы» медалі
  • «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі.

"Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы"

Басқа жаңалықтар