«Көп тіл білу – жаңа мүмкіндіктерге есік ашу»Farabi University

«Көп тіл білу – жаңа мүмкіндіктерге есік ашу»

16 сәуір, 2025

2025 жылдың 16 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушыларыны Қарымхан Ақмарал, Балнұр Нұрланқызы, Қартабаева Аяна, Контек Айымның жетекшілігімен «7М01704 – Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранттары педагогикалық практика аясында «Көп тіл білу – жаңа мүмкіндіктерге есік ашу» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – көп тіл білудің артықшылықтарын түсіндіру, жаһандану дәуірінде тіл меңгерудің маңызын көрсету және студенттердің кәсіби, тұлғалық дамуына ықпал ету. Сонымен қатар, қатысушылардың коммуникативтік қабілеттері мен тілге деген қызығушылығын арттыру көзделді.

Тәрбие сағаты аясында «Көп тіл білу – бір тілдің қадірін жою ма, әлде кең мүмкіндік пе?» атты пікірсайыс өткізілді. Студенттер көптілділіктің пайдасы мен ана тілге әсері жөнінде ой бөлісіп, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, тілдерге қатысты сұрақ-жауап түріндегі танымдық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар әлем тілдері мен аударма ерекшеліктері туралы білімдерін ортаға салды.

Қорытындылай келе, бұл тәрбие сағаты студенттерге шабыт сыйлап, көптілділікке деген қызығушылықтарын арттырды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ұстанымды терең түсінуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар: «7М01704 – Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранттары Ерсаинқызы Дария, Бахтиярова Арайлым, Оңғар Үміт, Кенжеқазы Ерсінқазы.