Мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні

Сәуір айының 15 жұлдызында физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасында мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Аталған іс-шараға Қызылорда облысы Сырдария ауданының А. Тәжібаева атындағы №36 мектебі, Алматы облысы Еңбекші ауданының «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі, Зайсан қаласының М. Әуезов мектебі, Алматы облысы Қарасай ауданының Жаңатұрмыс орта мектебі, Зайсан қаласының Ломоносов атындағы орта мектебі, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Қыран мектебі, Жамбыл облысының Қойгелді атындағы орта мектебі, Зайсан ауданының Мукарама атындағы мектебі, Абай облысының Б. Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі онлайн форматта қатысты. Іс-шарада факультеттің білім беру бағдарламаларына толық ақпарат беріліп, мектеп оқушыларына онлайн экскурсия жасалды.
Сонымен қатар, кафедраның «Мұнайхимия және химматология» оқу бағдарламасы жайлы айтылып, ерекше тұстары мен артықшылықтары аса көрсетілді. Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының академиялық ұтқырлықтары, студенттік өмір және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мағлұматтар берілді. Ашық есік күнінің практикалық бөлігінде мектеп оқушыларын онлайн тікелей трансляция форматында факультеттің және кафедраның ғылыми зертханаларымен таныстырылды. Атап айтқанда, онлайн форматта «Farabi Chem Science» заманауи кластеріне кіретін келесі ғылыми зертханалардың: «Аналитикалық химия және қоршаған орта зертханасы», «Электрохимиялық өндіріс технологиясы зертханасы», «Мұнайхимия зертханасы», «Химия-медициналық зертханасы», «Нәзік органикалық синтездеу зертханасы», «Перспективалық материалдар мен технологиялар зертханасы», «Жоғары дәлдіктегі материалдарды диагностикалау зертханасы» ғылыми бағыттары және жетістіктері айқын ашылды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Смағұлова Н.Т.
Басқа жаңалықтар

