«Farabi» алтын медалі: профессор Меруерт Сәкенқызы Құрманбаеваның ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін мойындауFarabi University

«Farabi» алтын медалі: профессор Меруерт Сәкенқызы Құрманбаеваның ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін мойындау

10 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің өркендеуі мен дамуына қосқан зор үлесі және ғылым мен жоғары білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін Биология және биотехнология факультетінің деканы, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, б.ғ.д.,  Курманбаева Меруерт Сакеновна «Farabi» алтын медалімен марапатталды.

Бұл марапат сіздің кәсіби біліктілігініздің, жетекшілік қабілетініздің және жас ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегініздің жоғары бағаланғанының айқын дәлелі. Меруерт Сакеновна өз еңбегімен білім беру мен ғылымның дамуына серпін беріп, университеттің халықаралық беделін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленген ғалымды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа биіктер тілейміз!