
8D05108 – Геоботаника мамандығының 3 курс докторанты Карабалаева Дина "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы- 2025" байқауының жеңімпазы атанды. Ғылым күні қарсаңында Басқарма мүшесі-Ректор Ж. Қ. Түймебаев "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы" байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табыс етті.
Карабалаева Дина - болашақ «500 ғалым» бағдарлама аясында халықаралық Туркия мемлекетінің Нийде Омер Халисдемир университетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті аяқтады. Болашақ стипендиаты. 20-дан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның 7 мақаласы Scopus және Web of Sciences дерекқорына кіретін халықаралық журналдарға кіреді. Хирш Индексі-2. Ол жыл сайын әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарында біліктілігін арттырады. 3 -тен астам гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларын және нысаналы қаржыландыру жобаларын орындауға қатысты. Карабалаева Дина Эзимханқызын марапатымен құттықтаймыз, алдағы уақытта шығармашылық табыс пен кәсіби өсуді тілейміз!
Басқа жаңалықтар

