"Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар" атты дөңгелек үстел кездесу

2025 жылдың 16 сәуірінде биотехнология кафедрасының оқытушылары Кайырманова Г.К., Мухатаева К.А., Абдиева Г.Ж., Уалиева П.С. және Кирбаева Д.К. «Биотехнология» және «Биомедицина» мамандықтарының 3 курс студенттеріне Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетінің анатомиялық мұражайы жетекшісі, қалыпты анатомия кафедрасының доценті Б.Ш. Шәкеновпен дөңгелек үстел кездесу ұйымдастырылды.
Студенттерге жұқпалы және жұқпалы емес аурулар туралы ақпарат берілді және әртүрлі патологиялары бар анатомиялық мұражайдың экспонаттары көрсетілді. Негізінен, анатомиялық мұражайда адамның қалыпты мүшелері: буындар, тыныс алу жүйесі, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдары, әртүрлі бұлшықеттер және т.б. келтірілген. Сонымен қатар, мұражайда туа біткен және жүре пайда болған ақаулар: анэнцефалия (мидың туа біткен болмауы), сиам егіздері, бауыр циррозы (инфекция незізінде) және басқа даму патологиялары келтірілген.
Басқа жаңалықтар

