- Басты бет
- Ғылым
- ҚАЗҰУ-ДА «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚАЗҰУ-ДА «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
.jpg)
2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жабылу салтанатына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректордың м.а. Марғұлан Қасенұлы, ZTE корпорациясының маркетинг жөніндегі директоры Шэн Лян, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы, жас ғалымдар, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы аясында ашық есік күндері, көрнекті ғалымдармен, саясаткерлермен кездесулер, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, ғылыми пікірталастар, шеберлік сағаттары, көрмелер ұйымдастырылды. Конференция жұмысына 5000-нан астам студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар белсене қатысты. Университет факультеттерінде жалпы 123 секция жұмыс істеді.
Оның ішінде:
- ҚР басқа ЖОО-нан 500-ден аса қатысушы.
- Алыс шет елден және ТМД елдерінен (Қырғызстан, Қытай, Түркия, Ресей, Беларусия, Украина, Оңтүстік Корея Республикасы, Өзбекстан) 200 қатысушы.
Конференция секцияларының пленарлық отырыстары университет факультеттерінде өтті.
Конференция аясында ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалды.
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- жобаның тереңдігі мен пысықталу дәрежесі;
- ақпаратты құрылымдаудың анықтығы;
- жобаны ұсынудың жаңашылдылығы мен маңыздылығы;
- ұсынылған жұмыс бойынша қорытындылардың болуы, толықтығы және т.б.
Конференция қорытындысы бойынша 48 студент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың табыстауымен диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
- 1 орын (16 жеңімпаз) - 75 000 теңге (әрқайсысына),
- 2 орын (16 жеңімпаз) - 50 000 теңге (әрқайсысына),
- 3 орын (16 жеңімпаз) - 30 000 теңге (әрқайсысына).
2025 жылғы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция жеңімпаздары:
I дәрежелі орын иегерлері:
1.Есімбек Мөлдір Мырзахметқызы - Шығыстану факультеті
2.Шегай Ламия Павловна - Медицина және денсаулық сақтау факультеті
3.Шырынтай Әмина Жандосқызы - География және табиғатты пайдалану факультеті
4.Қасен Қымбат Ерланқызы - Биология және биотехнология факультеті
5.Өтегенова Баянсулу Оңласынбекқызы - Химия және химиялық технология факультеті
6.Қалдыбай Шоқан Бауыржанұлы - Тарих факультеті
7.Сарсенбай Гүлназ Дауренбекқызы - Халықаралық қатынастар факультеті
8.Songhaer Maidaitihan - Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
9.Кузембаева Нурайлым Қанағатқызы - Экономика және бизнес жоғары мектебі
10.Бекеле Самсон Дауит - Ақпараттық технологиялар факультеті
11.Ерланов Ренат Ерланович - Механика-математика факультеті
12.Алчинова Нұрбибі Айтбайқызы - Журналистика факультеті
13.Құдайбергенова Гүлнұр Берікқызы - Физика-техникалық факультеті
14.Бағдабаев Ерқанат Бекболатұлы - Филология факультеті
15.Мамаш Диана Дайрабайқызы - Философия және саясаттану факультеті
16.Бахадур Ренара - Заң факультеті
II дәрежелі орын иегерлері:
1.Марат Аруна Жанғатқызы - Шығыстану факультеті
2.Алтынғазы Мөлдір Рақымбердіқызы - Медицина және денсаулық сақтау факультеті
3.Ерлан Диана - География және табиғатты пайдалану факультеті
4.Анатолий Райымбек Қайратұлы - Биология және биотехнология факультеті
5.Сурнин Алексей Павлович - Химия және химиялық технология факультеті
6.Абилкаирова Айханым Шарипжановна - Тарих факультеті
7.Сабиржан Аружан Болатқызы – Халықаралық қатынастар факультеті
8.Aerxin Ayiheng - Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
9.Ma Ye - Экономика және бизнес жоғары мектебі
10.Сайлау Айша Жеңісбекқызы - Ақпараттық технологиялар факультеті
11.Орынов Руслан Толеуханович - Механика-математика факультеті
12.Мейрамханқызы Аяулым - Журналистика факультеті
13.Ашибаев Арыстан Чингизович - Физика-техникалық факультеті
14.Мүкәрам Инабат Азаматқызы - Филология факультеті
15.Самедов Мадияр Рустамоглы - Философия және саясаттану факультеті
16.Абишева Меруерт Нұрланқызы - Заң факультеті
III дәрежелі орын иегерлері:
1.Нуркалиев Нұрсұлтан Нұрланұлы - Шығыстану факультеті
2.Саматов Арман Малибекович - Медицина және денсаулық сақтау факультеті
3.Мадибекова Айша Азаматовна - География және табиғатты пайдалану факультеті
4.Балтахожа Нұрайым Болатқызы - Биология және биотехнология факультеті
5.Светлова Александра Евгеньевна - Химия және химиялық технология факультеті
6.Makhmutova Aray Madievna - Тарих факультеті
7.Султанкулов Дамир Рустамович - Халықаралық қатынастар факультеті
8.Kamishima Michihiro - Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
9.Раев Александр Александрович - Экономика және бизнес жоғары мектебі
10.Мамажанов Даулет Серикович - Ақпараттық технологиялар факультеті
11.Жумабаева Таншолпан Азизкызы - Механика-математика факультеті
12.Ильхамжанов Руфат Кудратович - Журналистика факультеті
13.Оңайбергенов Жансерік Ерболұлы - Физика-техникалық факультеті
14.Шамдаулет Аяжан Қажмұханқызы - Филология факультеті
15.Сисенбердиева Айдана Ерланкызы - Философия және саясаттану факультеті
16.Илиева Томирис Рустамовна - Заң факультеті
Басқа жаңалықтар
