«Поэзия кеші»

4 ақпан, 2016

Әдеби кешке факультет деканы Баян Жұбатова, Иран Ислам Республикасы жанындағы Алматы Мәдени өкілдігінің жетекшісі Мәжид Камрани, белгілі шығыстанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Өтеген Күмісбаев, Шаһид Беһешти университетінің профессоры Амир Чинари, Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Айгүл Ісімақова секілді ғалымдар қатысып, қазақ-парсы әдеби байланыстары, Руми мұрасының әлемдік әдебиетте алар орны, Мәуләуи «Мәснәуиінің» қазақ әдебиетіне тигізген әсері туралы сөз қозғады.

Төреғали Тәшенов, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Әлібек Шегебай, Абай Мауқараұлы және Саят Қамшыгер секілді ақындар Мәуләуи мұрасының барша адамзат баласын тәрбиелеудегі маңызы хақында өз ойларын ортаға салды. Кеш барысында парсы бөлімінің 3 курс студенттері Руми шығармаларынан үзінділер оқыды. Кеш қонақтары мұндай әдеби кештердің маңыздылығына тоқталып, келешекте жалғасын табатынына сенім білдірді.