- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының меңгерушісі қытай тілін оқытудағы сандық технологиялар бойынша халықаралық конференцияда сөз сөйледі
Қытайтану кафедрасының меңгерушісі қытай тілін оқытудағы сандық технологиялар бойынша халықаралық конференцияда сөз сөйледі

Керімбаев Ержан 2025 жылдың 18 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қытай филологиясы кафедрасы ұйымдастырған «Қазіргі қытай тілін оқытуда цифрлық интеллект технологиясын қолдану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады. Конференция жұмысы цифрлық интелект технологиялары, қазіргі кезеңдегі қытай филологиясының дамуы, Қытай тілін халықаралық деңгейде оқыту және заманауи технологияларды қолдану бағыттар бойынша жүргізілді. Керімбаев өзінің баяндамасында бүгінгі күні білім беру үдері жаһандық өзгерістер мен технологиялық серпілістердің әсерімен қарқынды дамуын сөз ете келіп, осы тұрғыда қытай тілін оқыту жүйесінде де жаңашыл әдістер мен интеллектуалды ресурстарды енгізу – уақыт талабы екенін атап өтті. Осы бағытта білім мен тәжірибе алмасу – баршамыз үшін аса құнды екеніне баса назар аударды.
Басқа жаңалықтар


