SOAS, ЛОНДОН УНИВЕРСИТЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫ, СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ ПРОФЕССОР ЛАУРА ЕРЕКЕШЕВАНЫҢ АШЫҚ ДӘРІСІFarabi University

SOAS, ЛОНДОН УНИВЕРСИТЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫ, СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ ПРОФЕССОР ЛАУРА ЕРЕКЕШЕВАНЫҢ АШЫҚ ДӘРІСІ

2 сәуір, 2025

2025 жылдың 2 сәуірінде ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Шығыс және Африкатану зерттеу мектебі (SOAS, Лондон университеті) студенттерінің Алматы және Бішкек қалаларында өтетін танымдық-таныстыру сапары (Study Tour) аясында Орталық Азиядағы танымал ғалым, профессор Бхавна Даве бастаған бір топ өкілдері факультеттің және басқа да университеттердің ғалымдарымен, оқытушыларымен, студенттерімен және докторанттарымен кездесу өткізді.

Кездесуде факультет деканының оқу-әдістемлік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Е. Канафьева факультеттің құрылымы, кафедралардағы оқытудың ерекшеліктері, оқу-ғылыми жұмыстары мен жетістіктері туралы айтты. Профессор Б.Даве өз тарапынан SOAS студенттері үшін Орталық Азияға жасалған бұл алғашқы сапардың маңызды сипатын атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, академиялық өзара байланыс пен бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылады.

Кездесу аясында ағылшын тілінде ашық дәріс оқыған проф. Л.Г. Ерекешева «Қазақстандағы тарихи мұра, гибридтік сәйкестік және мәдени ұлт құру» тақырыбына қатысушылар арасында үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) мен Лондон университетінің Шығыс және Африка зерттеулері мектебі (SOAS, University of London) 2024 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.