XXVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағы секциялық отырыс

2025 жылғы 21 сәуірде «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Логистика мен маркетингтегі жаһандық сын-қатерлер: бизнесті жаңа экономикалық шындыққа бейімдеу» атты секция жұмысын сәтті өткізді. Іс-шара Ресей халықтар достығы университетімен (РУДН – https://www.rudn.ru) және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған «Жаһандық экономиканың өзекті мәселелері» атты XXVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде өтті.
Секция жұмысына Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келген студенттер, магистранттар мен оқытушылар қатысты. Отырыста жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайындағы бизнес алдында тұрған өзекті сын-қатерлер және логистикалық пен маркетингтік стратегияларды жаңа шындыққа бейімдеу жолдары кеңінен талқыланды.
Секцияда келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:
• логистикалық тізбектер мен маркетингтік коммуникациядағы цифрлық шешімдер;
• цифрландыру жағдайындағы тұтынушылық мінез-құлықтың жаңа үлгілері;
• маркетинг стратегияларына жасанды интеллект пен big data технологияларын енгізу.
Секция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген, өзекті және ерекше қызығушылық тудырған баяндамалар аталып өтіліп, олар қызу пікірталасқа себеп болды.
«Бизнес-технологиялар» кафедрасы барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және болашақта ғылыми ынтымақтастыққа шақырады!
Басқа жаңалықтар


