«Максималды ағынды есептеу» және «Гидрологиялық процестерді модельдеудің геоақпараттық қамтамасыздандырылуы» пәндері аясында Инженерия және ғылыми технологиялар Кластері, Ғарыштық технологиялар және жерді қашықтан зондтау орталығы, ТДМ 6 аясында лекция-визуализацияFarabi University

«Максималды ағынды есептеу» және «Гидрологиялық процестерді модельдеудің геоақпараттық қамтамасыздандырылуы» пәндері аясында Инженерия және ғылыми технологиялар Кластері, Ғарыштық технологиялар және жерді қашықтан зондтау орталығы, ТДМ 6 аясында лекция-визуализация

23 сәуір, 2025

23 сәуірде «Гидрология» мамандығының 3-курс студенттері «Гидрологиялық процестерді модельдеудің геоақпараттық қамтамасыздандырылуы» пәні аясында географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолдануға арналған аудиториядан тыс сабаққа қатысты.

Тақырыпты тереңірек түсіну мақсатында «Ғарыштық технологиялар орталығының» директоры Мейрамбекұлы Нұрсұлтан және «Жерді қашықтан зондтау орталығының» аға қызметкері Сманов Жасұлан арнайы таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл шара БҰҰ-ның, атап айтқанда Тұрақты даму мақсаттары 6 – Таза су мен санитария бағытын жүзеге асыру аясында өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – су ресурстарын тиімді басқару мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі геоақпараттық жүйелердің маңыздылығын көрсету.

Ұйымдастырушы: Метеорология және гидрология кафедрасы

Instagram: rs_gis_kaznu

Facebook: Центр ДЗЗ КазНУ