«Дармарка» ҚазҰУ факультеттерін біріктіре түсуде !
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл апта тұрақты тұтыну идеясы аясында өтуде. Университеттің бірден төрт факультетінде «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерді экосана мен өзара көмек рухында біріктіруде.
«StopMusor» бастамасы әлеуметтік жобасының қолдауымен жүзеге асырылып, Тұрақты даму мақсаты №12 – Жауапты тұтыну мен өндіріске бағытталған. «Дармарканың» үшінші күні География және табиғатты пайдалану факультетінде ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
Әлі қатысып үлгермегендер үшін мүмкіндік бар !
«Дармарканың» соңғы күні Журналистика факультетінде өтеді – жарамды, бірақ қажетсіз заттарыңызды әкеліп, өзгеге пайдасын тигізіңіз !
Қоршаған ортаға қамқорлықты қарапайым қадамдардан бастайық !
Басқа жаңалықтар

