ТДМ-15: «Дармарка» экологиялық акциясы – экологиялық жауапкершілікке бастар жолFarabi University

ТДМ-15: «Дармарка» экологиялық акциясы – экологиялық жауапкершілікке бастар жол

24 сәуір, 2025

Университетімідің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Дармарка» экологиялық акциясы табысты жүзеге асты. Бұл шараның негізгі мақсаты – қазіргі уақытта қоршаған ортаны сақтау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін түсіндіру. Сонымен қатар экологиялық білімді тарату және саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру тұрақты дамуға жету.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» 2024 жылдың қараша айынан бастап «Stop Musor» әлеуметтік жобасының бесінші кезеңін іске қосты. Жоба тұрмыстық қалдықтарды азайтуға, халықтың экологиялық тұрғыдан хабардарлығын арттыруға және әлеуметтік жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған.
«Дармарка» экологиялық акциясы, өз кезегінде, шектен тыс тұтыну мен қалдықтардың көбеюіне қарсы бағытталған жаңа әрі тиімді амал ретінде ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар өздерінде бар, бірақ әлі де пайдалануға жарамды заттарды басқаларға ұсынып, қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Бұл тәсіл, бір жағынан, заттарға жаңа өмір беруге ықпал етіп, екінші жағынан, жаңа өнімдерді өндіруге, тасымалдауға және қаптауға жұмсалатын ресурстар мен энергияны үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
«Дармарка» шарасы жастарды, студенттерді және жалпы қауымдастықты табиғатты қорғауға шақырумен қатар, қоғамда саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға да серпін береді.