«Гендерлік теңдік. Ғылымдағы әйелдер» (ТДМ)
 (17).png)
2025 жылғы 23 сәуірде Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламасы аясында «Фармация» мамандығының 3 және 4 курс студенттерімен «Гендерлік теңдік. Ғылымдағы әйелдер» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында ТДМ – бұл кедейлік пен аштықты жоюға, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күресуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға және бүкіл адамзат үшін тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жалпыға танылған бағдарлар екені атап өтілді.
Студенттермен өткен талқылау барысында ғылымдағы гендерлік теңдіктің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ ғылыми саладағы әйелдер үшін кездесетін кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылауға ерекше назар аударылды.
Іс-шараны педагогикалық практика аясында «Фармация» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Ақмұратқызы Жанбота мен Божбанбаева Гузель дайындады.
Басқа жаңалықтар


