“Words for change: English as a tool for Global Citizenship”

2025 жылдың 23 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде ағылшын тілін үйренуге және қарым-қатынас жасауға қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ заманауи қоғамда толеранттылықты насихаттауға арналған «Words for change: English as a tool for Global Citizenship» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараны «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранты — Тимур Құрманалиев Асқарұлы ұйымдастырды. Жобаның академиялық эдвайзері аға оқытушы Уалиханова Гүлнұр Өркенқызы болды.
Кездесу әлем бойынша шамамен 1,457 миллиард адам сөйлейтін ағылшын тілінің заманауи халықаралық қатынастардағы маңыздылығын түсінуге ұмтылатын бірінші курс студенттерін біріктіретін ашық диалог пен өзара түсіністік жағдайында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты студенттерге ағылшын тілін білу мен қарым-қатынас жасай білудің маңыздылығын түсінуге және Тұрақты даму мақсаттарында (әсіресе Жаһандық азаматтық) коммуникацияның рөлін көрсету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар Тұрақты даму мақсаттары (нақтырақ айтқанда жаһандық азаматтық), ағылшын тілінің заманауи халықаралық коммуникациялардағы рөлі және Жаһандық азаматтық мақсатына үлес қосу үшін ағылшын тілін қолданудың практикалық стратегиялары туралы білді.
Шараның негізгі бөлігі Жаһандық Азаматтық, мәдени кедергілерді жою мақсатында ағылшын тілін қолдану, өзекті мәселелер туралы хабардар болу және оң өзгерістер енгізу тақырыптарын қамтыған білім беру іс-шарасының дәл осы тақырыбы бойынша презентация болды.
Шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар жаһандық азаматтықтың мақсаты жаһандану мен мәдени империализм туралы емес, керісінше ашық көзқарас, айырмашылықтарға құрметпен қарау және өзара түсіністік пен әлемді жақсырақ етуге ұмтылу екенін атап өтті.
Іс-шара студенттердің білім беру мотивациясын және жаһандық азаматтық сананы дамытуға, сондай-ақ студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас туралы ашық көзқарастарын арттыруға маңызды үлес қосты.
Ұйымдастырушылар: 1 курс магистранты Т.А. Курманалиев және филология факультеті түркология және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Г.О. Уалиханова.
Басқа жаңалықтар

