- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық отбасы күні мен Майра Победовна Кабакованың мерейтойына арналған шығармашылық кездесу
Халықаралық отбасы күні мен Майра Победовна Кабакованың мерейтойына арналған шығармашылық кездесу

2025 жылдың 2 мамырында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Халықаралық отбасы күніне және профессор Майра Победовна Кабакованың 55 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті.
Майра Победовна Кабакова – Қазақстан мен ТМД елдерінде танымал отбасы психологиясы саласының маманы, осы сала бойынша оқулықтар мен монографиялардың авторы, отбасы мен неке, отбасылық тәрбие мәселелері бойынша жетекші зерттеуші, Қазақстан Республикасындағы отбасылық саясат саласындағы ұлттық сарапшы.
Кездесудің мақсаты – отбасы психологиясы мен тәрбиесі саласындағы білім беру мен зерттеу жұмыстары бойынша пікірлерді тыңдау, студенттер мен магистранттардың осы саладағы білім деңгейін бағалау, сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты, профессор Майра Победовна Кабакованы мерейтойымен құттықтау.
Іс-шара БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкес өткізілді: ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 3 «Денсаулық және игілік», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік».
Кездесуді факультет деканының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.О. Омирбекова ашты. Ол жастарды отбасылық өмірге дайындаудың, отбасылық тәрбие дәстүрлерінің маңыздылығын және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізудің қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Майра Победовнаны факультет ұжымы атынан құттықтап, арнайы құттықтау хат пен Әл-Фарабидің кітабын тарту етті. Сондай-ақ, Астана қаласындағы Мемлекеттік басқару академиясы вице-президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Масалимова мен Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің әл-Фараби ғылыми-білім беру және мәдениет орталығының директоры Виолета Добичинаның құттықтау хаттарын оқып берді.
Кездесудің модераторы – жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева. Ол Таллиннен келген психология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Николаевна Листопадқа (Эстония) сөз берді. Ол мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді.
Абай атындағы ҚазҰПУ атынан психол.ғ.к., профессор Роза Бисеновна Абдрахманова сөз сөйледі.
Мерейтойға және Халықаралық отбасы күніне орай «Мектептегі психология» журналының арнайы шығарылымы жарық көрді. Оны бас редактор Акнур Кайнаровна Олжаева таныстырды. Ол сондай-ақ мерейтой иесін журнал редакциясы атынан құттықтап, арнаулы құттықтау папкасын және сыйлықтар табыстады, профессор М.П. Кабакованың 13 жыл бойы журнал редакциялық алқасының мүшесі ретінде қосқан зор үлесін атап өтті.
Кейін алғашқы түлектер – бұрынғы ҚарМУ студенттері, бүгінде Алматы қаласы №1 оқушылар үйінің директоры Дәуірхан Сейдалиевич Қожахметов пен Alageum Electric компаниялар тобының HR-директоры, директорлар кеңесінің мүшесі Наталья Николаевна Ли сөз сөйледі. Олар студенттік жылдарды және Майра Победовнаның оларға тәлімгер ретінде тигізген әсерін жылы еске алды.
Онлайн форматта Финляндия мен Ресейден келген профессор М.П. Кабаковнаың курстастар мен достары қосылды:
- Василий Саввович Белолы – тәуелсіз зерттеуші, психолог және Надежда Александровна Белолы – зерттеуші, арт-тренер (Финляндия);
- Надежда Егоровна Разуваева – Санкт-Петербург қаласынан келген педагог-психолог, үйлену тойының куәгері;
- Нина Владимировна Короткова – клиникалық психология саласындағы PhD докторы, нейропсихология бойынша маман (Франция), әріптесі, курстасы.
Қарағандыдағы Е.А. Букетов атындағы университеттен де әріптестері қосылды. Психология ғылымдарының докторы, профессор Бибисара Амирова профессор М.П. Кабакованың жас кездерін еске алып, отбасылық психологияны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ мерекелік шарада өлең жолдарымен шығармашылық құттықтауын Қарағанды университетінің психология ғылымдарының кандидаты, профессор Роза Тоғайқызы Алимбаева жолдады.
Кейін студенттер мен магистранттар арасында «Отбасы және неке психологиясының үздік білгірі» атты викторина өтті. Оны магистрант Жанна Манарбекова жүргізді. Студенттер мен магистранттар отбасылық тәрбие, психологиялық зерттеулер, отбасылық қарым-қатынасты диагностикалау және жастарға отбасылық өмірді жақсарту бойынша ұсыныстар жайында қызықты сұрақтарға жауап берді.
Келесі құттықтау «Асель Байсеитова атындағы қайырымдылық қорының» директоры Светлана Борисовна Селюнинадан болды. Ол студент жастардың еріктілік қызметінің маңыздылығын және бұл іске профессор М.П. Кабакованың белсенді қатысуын атап өтті.
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Гүлнара Орленбаевна Насимова да құттықтау сөз сөйледі.
Келесі байқау Халықаралық отбасы күніне арналған креативті құттықтаулар мен «Мерейтой иесіне арналған ең үздік құттықтау» тақырыбына арналды. Байқауға философия және саясаттану факультетінің, география факультетінің 2, 3, 4 курс студенттері, «Психология», «География» білім беру бағдарламаларының 1 және 2 курс магистранттары, сондай-ақ әр жылдардағы түлектер мен әртүрлі жоғары оқу орындарының әріптестері қатысты.
Ең креативті және қатысушылар саны жағынан ауқымды бейнеқұттықтауды Астана қаласының психологтары Еуразия ұлттық университетінің профессоры міндетін атқарушы Анар Бираловна Валиева жетекшілігімен жолдады. Бұл құттықтауға А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының келесі оқытушылары қатысты: профессор Айжан Тендиковна Изакова, профессор Татьяна Анатольевна Абдрашитова, аға оқытушы Жанагүл Есембердиевна Турманова. «Туран-Астана» университетінен: профессор Серік Кырыкбаевич Жантикеев. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ден: доцент Майра Намгеновна Кунанбаева, аға оқытушы Гүлмира Сарсенбаевна Бекеева, доцент Жанна Тлегеновна Уталиева, ассистент-профессор Мадина Мұхаметқалиевна Рысқұлова, ассистент-профессор Бибиянар Шаймерденовна Байжуманова, доцент Гүлден Қанатқызы Айкинбаева, профессор Жанат Қанашевна Аубакирова, профессор Марта Наушаевна Абдикаликова, доцент Гүлназ Маратовна Карибаева, доцент Жамиля Тарғыновна Махамбетова, аға оқытушы Айзат Жайдарханқызы Кунанбаева, аға оқытушы Людмила Магомедовна Гитихмаева. Сонымен қатар Астана қаласының басқа ұйымдарынан психологтар: профессор Маншүк Қуандыққызы Бокеншина, профессор Жанар Данагатқызы Жүкешова және КарМУ-дің профессоры М.П. Кабакованың бұрынғы диплом жұмысы бойынша жетекшісі болған Закира Жұлдыбайқызы Алекпаева қатысты.
Кездесудің соңында факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекжан Берікбаевич Мейірбаев сөз сөйледі. Ол Майра Победовнаның кафедра мен факультеттің дамуына, Болгария және басқа Еуропа елдері, Орталық Азия елдерімен халықаралық әріптестікке қосқан үлесін атап өтті және қазақ дәстүрімен шапан-камзол табыстады.
Соңында кафедра атынан құттықтаулар айтылды: А.К. Мынбаева, психология ғылымдарының докторы, профессор С.К. Бердибаева, психология ғылымдарының докторы, доцент А.Л. Нурмаханбетов, психология ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Аймаганбетова, психология ғылымдарының докторы, доцент Ф.С. Ташимова.
Кездесу соңында студенттер мен магистранттар үшін өткізілген викторина нәтижелері қорытындыланып, үздік қатысушылар мерейтой иесінің атынан естелік сертификаттар мен сыйлықтармен марапатталды.
https://farabi.university/storage/files/371356609168179e9288aae392659410_Юбилей День семьи.pptx
https://disk.yandex.ru/d/ylWLyJkzvgC8oQ
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ФжСФ ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар


