✨ 2025 жылғы 9 мамыр мерекесінің қарсаңында ✨Farabi University

✨ 2025 жылғы 9 мамыр мерекесінің қарсаңында ✨

8 мамыр, 2025

Жеңіс күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының 1, 2 және 3 курс студенттері 28 гвардияшы-панфиловшылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Бұл символикалық шара «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына — 80 күнде 80 іс-шара» акциясы аясында өтіп, Ұлы Отан соғысы батырларына деген патриотизм мен терең құрметті көрсетті.
Біз ата-бабаларымыздың ерлігімен мақтанамыз және олардың батырлығын келешек ұрпаққа жеткізу үшін тарихи жадымызды сақтаймыз.

#ЖеңісКүні #9Мамыр #KazNU #ҚұқықтануKazNU #ҚұқықҚорғауҚызметіKazNU #ПанфиловшыларСаябағы #БатырларМәңгілік #80ІсШара #Жад #Патриотизм