- Басты бет
- Жаңалықтар
- 14-16 сәуір аралығында Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым, техника және өнеркәсіптегі жасанды интеллект және кері міндеттер» тақырыбында Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтті.
14-16 сәуір аралығында Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым, техника және өнеркәсіптегі жасанды интеллект және кері міндеттер» тақырыбында Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтті.

14-16 сәуір аралығында Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым, техника және өнеркәсіптегі жасанды интеллект және кері міндеттер» тақырыбында Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы «Ракты ісіктің метастаздарын модельдеуге арналған кері есептерді шешудің кейбір әдістері» тақырыбында ғылыми баяндамамен шығып,зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Баяндама барысында ғалым қатерлі ісіктің метастаздық таралуын болжау және емдеу үдерісін жетілдіру үшін математикалық модельдеудің маңыздылығына тоқталып, рак жасушаларының өсу динамикасын модельдеу, медициналық деректерді талдау арқылы метастаздық таралудың ерекшеліктерін анықтау, диагностика мен емдеу үдерісін жақсарту үшін кері есептерді шешу әдістерін қолдану сияқты маңызды тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект пен үлкен деректерді қолдану арқылы есептеу тиімділігін арттыру жолдарына да ерекше назар аударылды.
Ғылыми белсенділігі үшін Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат пен сертификатпен марапатталды.
Конференция барысында ғалымдар заманауи бағыттар бойынша, соның ішінде жасанды интеллект, кері есептер, кванттық модельдеу, биоинформатика және басқа да салаларда тәжірибе алмасып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтты.
Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі
Абайұлы Тұрмұханбет,
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты
Басқа жаңалықтар

