Farabi University

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу  және еңбек құқығы кафедрасы «Қолжетімді және таза энергия» тақырыбында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 7) іске асыру аясында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында барлық азаматтардың сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ерекше назар жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы құқықтық аспектілерге, энергетика саласындағы мемлекеттік реттеуге, халықаралық тәжірибеге және «жасыл» энергетиканың болашағына аударылды.

�� Спикер: Қарашева Ж.Т.

�� Семинардың негізгі тақырыптары:

✅ Экологиялық таза және тұрақты энергияға қолжетімділік
✅ ЖЭК саласындағы мемлекеттік саясат және құқықтық реттеу
✅ Жаңартылатын энергия көздерін дамыту: әлемдік және ұлттық тәжірибе
✅ Энергетикалық қауіпсіздік және ресурстарды тиімді басқару
✅ Бизнес пен азаматтық қоғамның «жасыл» энергетиканы ілгерілетудегі рөлі

Семинар қатысушылары энергетика саласындағы құқықтық тетіктерді дамыту, жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау бойынша нақты ұсыныстар ұсынды. Талқылау мен тәжірибе алмасу ТДМ 7-ні іске асыруға арналған өзекті ғылыми және практикалық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.