«Киелі кимешек» тақырыбындағы мәдени-этнографиялық іс-шараFarabi University

«Киелі кимешек» тақырыбындағы мәдени-этнографиялық іс-шара

18 наурыз, 2025

ЕҒжС кафедрасының аға оқытушысы Әбенов Б.Қ. факультеттің «Көмек» ҚҚ мүшелерімен бірге «Әл-Фараби» Кітапханасы ұлттық құндылығымызды, ұлттық болмысымызды сақтап тұратын ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында «Ұлттық киім күніне» арнап ұйымдастырған «Киелі кимешек» тақырыбындағы мәдени-этнографиялық іс-шараға қатысты. Шараның арнайы қонағы ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының» академигі, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ақын, қаламгер-журналист  Ғалия Қайдауылқызымен өткен кездесуде ол сөз сөйлеп, пікір білдіргені үшін сыйлыққа автордың «Сөз дауасы» кітабын алды.

Есептеу ғылымдары және статистика Кафедрасы