ҚазҰУ-да сакура гүлдеп, ағаштар жеміс сала бастады
15 мамыр, 2025
2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қалашықта «Ағаштар аллеясы» ашылған болатын. Сондай-ақ «Жастар саябағы» және «Ғалымдар бағы» бой көтеріп, түрлі жеміс ағаштары отырғызылды.



Нәтижесінде бүгінгі таңда 400-ден астам алма ағашы, 50-ге жуық шие ағашы, 30 өрік ағашы, 20 алхоры, алмұрт және басқа ағаштар түйіндеп, жеміс сала бастады.



Сондай-ақ төрт жыл бұрын егілген сакура ағашы биыл алғаш рет гүл ашып, ҚазҰУ-лықтарды қуантып отыр.


Бұдан бөлек, 15 мыңға жуық жаздық гүлдер егіліп, көпшілік көзайымына айналды.








Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025