- Басты бет
- Жаңалықтар
- Farabi HUB орталығындағы физика-техникалық факультеттің көрме павильоны — «Laboratory of Modern Applied Physics and High Technologies»: тұрақты дамуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қосқан үлесі. ТДМ 9 және ТДМ 17
Farabi HUB орталығындағы физика-техникалық факультеттің көрме павильоны — «Laboratory of Modern Applied Physics and High Technologies»: тұрақты дамуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қосқан үлесі. ТДМ 9 және ТДМ 17

Шэньян қаласындағы Автоматтандыру институтының (Қытай) ғалымдар делегациясының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жасаған сапары аясында Farabi HUB инновациялық орталығында орналасқан физика-техникалық факультеттің «Laboratory of Modern Applied Physics and High Technologies» көрме павильонының тұсаукесері өтті.
Қонақтар — профессор Yifeng Song (Синин, Цинхай), доцент Yong Chang (Сиюйань, Ляонин) және инженер Chen Liang (Фушунь, Ляонин) — факультеттің қолданбалы физика және нанотехнология салаларындағы заманауи ғылыми-зерттеу экожүйесімен танысты.
Профессор Yifeng Song зертханадағы техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, мұндай бастамалардың халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен жаңа буын инженер мамандарын даярлаудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кездесу барысында зертхананың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесіне ерекше назар аударылды:
- ТДМ 9 – тұрақты индустрияландыру мен инновацияларды дамыту,
- ТДМ 17 – ғылым мен білім беру салаларындағы халықаралық әріптестікті нығайту.
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті озық технологияларды енгізумен қатар, халықаралық ғылыми серіктестік пен жаһандық диалогты кеңейтуге бағытталған ашық инновациялық орта қалыптастыруды жалғастыруда.
Басқа жаңалықтар

