Неміс делегациясының КазҰУ-ға сапары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Неміс Deutsche Forschungsgemeinschaft (DFG) зерттеу қорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Йорн Ахтерберг бастаған делегацияны қабылдады.
Әріптестерін қарсы ала отырып, КазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі міндетін атқарушы проректоры Марғұлан Ибраимов университеттің жұмысы, ғылыми жетістіктері және академиялық ортаны дамытуға бағытталған бастамалары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Ол білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
КазҰУ әлемнің 620 университеті мен институттарымен қарым- қатынастар орнатып, бүгінде ғылыми зертханалар мен институттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыратындығы туралы ақпарат айтылды.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, ғылыми зерттеулер мен академиялық мобильділік саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Неміс делегация КазҰУ ұсынатын студенттер мен оқытушыларға арналған халықаралық өзара әрекеттесу мен білім алмасуды дамытуға бағытталған бағдарламаларға қызығушылық танытты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


