📅 2025 жылғы 26 сәуірде Digital Farabi 2025 Халықаралық форумының аясында «Қазақ тілін қолдау және бейімдеу үшін жасанды интеллект негізінде цифрлық кеңесшілер жасау» тақырыбында воркшоп өтті.Farabi University

📅 2025 жылғы 26 сәуірде Digital Farabi 2025 Халықаралық форумының аясында «Қазақ тілін қолдау және бейімдеу үшін жасанды интеллект негізінде цифрлық кеңесшілер жасау» тақырыбында воркшоп өтті.

26 сәуір, 2025

Цифрлық кеңесшілерді жасауға арналған воркшоп өтті!

📅 2025 жылғы 26 сәуірде Digital Farabi 2025 Халықаралық форумының аясында
«Қазақ тілін қолдау және бейімдеу үшін жасанды интеллект негізінде цифрлық кеңесшілер жасау» тақырыбында воркшоп өтті.

👩‍🏫 Модератор:
Мансурова Мадина Есимханқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор.

🎤 Спикерлер:
🔹 Бимұрат Мұхтар Аркабекұлы, Senior Data Scientist, Halyk Bank
Тақырыбы: «Банктік ИИ-ассистенттер: клиенттік сервисті, сатылымды және ішкі процестерді автоматтандыру»

🔹 Кенжебаева Сандуғаш Баймаханқызы, «Тіл-Қазына» жобаларды басқару орталығының басшысы
Тақырыбы: «Қазақ тілін цифрлық технологиялар арқылы қолдау»

🔹 Аман Мұса, магистр, ҚазҰУ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы
Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі жалған жаңалықтарды тану үшін LLama 3.1 моделін Fine-Tuning және Self-Instruct әдісімен бейімдеу»

🔹 Оспан Әсел Ғалымжанқызы, ҚазҰУ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы
Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі оқытуды қолдау үшін RAG тәсіліндегі LLM қолдану: модельді оқытуға арналған нұсқаулықтар жасау»

📍 Бұл воркшоп жасанды интеллектіні қазақ тілін цифрлық дәуірде дамыту мен насихаттау мақсатында қолдану бойынша үздік тәжірибемен алмасу алаңына айналды!