Қытайтану кафедрасының оқытушысы шетелге ғылыми сапары туралы баяндамасымен семинар өткіздіFarabi University

Қытайтану кафедрасының оқытушысы шетелге ғылыми сапары туралы баяндамасымен семинар өткізді

27 мамыр, 2025

      2025 жылдың 20 мамырында Қытайтану кафедрасында ғылыми семинар өтті, оның барысында PhD докторы, аға оқытушы Нуржаева А.М. Қытайдың Циндао қаласына ғылыми шетелдік сапары туралы баяндама жасады.
     Сәуірдің 1-і мен 30-ы аралығында өткен іссапар барысында оқытушы ғылыми жоба тақырыбы бойынша қажетті материалдарды жинақтап, сонымен қатар шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Шығыс елдері дамуының конфуцийлік үлгісін салыстырмалы түрде зерттеу мәселелеріне басты назар аударылды.
      Семинар барысында Нуржаев А.М. Дүниежүзілік қытайтану орталығы сияқты шетелдік ғылыми ұйыммен өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті және осы орталықтың негізгі зерттеу бағыттарына тоқталды.
    Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми зерттеулер мен білім сапасын арттыру үшін халықаралық ғылыми алмасудың маңыздылығын атап өтіп, қызықты және мазмұнды баяндамасы үшін алғыстарын білдірді.