- Басты бет
- Жаңалықтар
- Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері Конфуций институтында
Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері Конфуций институтында

Король Салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілдері бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының директоры Рақымжан Асылбеков мырзамен кездесті. Кездесу барысында Конфуций институты мен Король Салман халықаралық араб тілі академиясының қызметтері мен бағдарламасындағы үұсастықтар мен айырмашылықтар сөз болды. Академия өкілдері қытай тілін таратудағы, қытай тілін үйренушілердің тілді меңгеру дәрежесін анықтаудағы HSK жүйесі мен сертификаты туралы институт тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Арабистика орталығының үйлестіруімен бірлескен жобаларды (көп тілді сөздіктер, оқулық құрастыру мәселесі т.с.с) жүзеге асыру туралы ұсыныстар айтылды.
Басқа жаңалықтар

