XX ғасырдың 20–50 жылдарындағы Орталық Азиядағы саяси қуғын-сүргін тарихы: нәтижелер мен перспективаларFarabi University

XX ғасырдың 20–50 жылдарындағы Орталық Азиядағы саяси қуғын-сүргін тарихы: нәтижелер мен перспективалар

26 мамыр, 2025

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Алматы облысының музейлер бірлестігінің филиалы Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 2025 жылғы 26 мамырда «XX ғасырдың 20–50 жылдарындағы Орталық Азиядағы саяси қуғын-сүргін тарихы: нәтижелер мен перспективалар» атты халықаралық симпозиум өткізді.

Симпозиумның мақсаты: посткеңестік мемлекеттер үшін ортақ тарихи қасірет – ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу бағытында ғылыми тәжірибе алмасу.

Симпозиум жұмысының міндеттері:

  • ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашада жарияланған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комиссия құру» туралы жарлығы бойынша әр өңірде комиссиялар құрылып, зерттеу, құрбандарды ақтауға ұсыну жұмыстары жүргізілді. Осыған сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары бойынша шетелдік музейлермен тәжірибе алмасу;
  • Симпозиум қатысушыларымен саяси қуғын-сүргін құрбандарының жасырын жерленген қорым жерлерін анықтауға бағытталған экспедициялық зерттеулерді ұйымдастыру жолдарын қарастырып, зерттеудің түрлері мен тәсілдерін талқылау.
  • Музейлер арасында іскерлік байланысты қалыптастыру.

Симпозиум Алматы облысы Талғар ауданы  Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде өтті. Аталмыш шараға тарих факультетінің 6В02205-Тарих білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері белсене қатысты.