«Болмыс стратегиялары» монографиясына философиялық көзқарас

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен философия кафедрасының профессоры Т.Ғабитов пен қауымдастырылған профессор П.Сүлейменовтің "Болмыс стратегиялары" атты монографиясы жарық көрді. Еңбек "Қазақ университеті" баспасында 500 данамен басылды.
Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетімен қаржыландырылды. Грант AP19677146. «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың ұлттық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау» ғылыми жобасы аясында дайындалды.
Еңбекке философия ғылымдарының докторлары А.Жолдубаева, Б.Сатершинов, Қ.Затов пікір жазған.
Монографияда онтологияның теориялық қағидалары әлемдік және отандық руханият пен өркениет үлгілерінің мәнмәтінінде қарастырылады. Бұл монографияда нақтылы бір идея және мақсатпен біріктірілген мәтіндер жүйесі болып табылады. Жеке тақырыптар авторлық тұғырнамада келтірілген мәселелер қазақстандық білім беру дискурсының сұранымына жауап ретінде бүгінгі қоғамның талаптарына сай орындалған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының дүниетанымдық парадигмасы арнасында кейбір ескі үлгідегі онтологияға тән тарихи-философиялық үдерісті түсіндіруде көнерген маркстік штамптардан арылуға талпыныс жасалған.
Монография бакалавриат, магистрант, докторанттар мен оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге және философия мәселелері қызықтыратын оқырманға арналған.
Басқа жаңалықтар
