”ЖТВИ” және “ Туберкулездың алдын алу” атты семинар

31.01.2025 күні сағ 12:00-де 7 емхананың дәрігер-фтизиаторы Сарбасова М.К мен терапевт Ельшибаев А.Б.”ЖТВИ” және “ Туберкулездың алдын алу” атты семинар өткізілді. Семинарға 1-2 курс студенттері қатысты.Семинардың басты мақсаты – маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алу және ЖРВИ мен тұмау ауруының профилактикасы жөнінде ақпараттандыру. Әсіресе, аурудың өсуі күзгі-қысқы кезеңде байқалады. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін вирус арқылы туатын жіті ауру. Тұмаудың алғашқы белгілері – мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, жөтелу және әлсіздік. Кез келген аурудың алдын алып, сақтану керек. Сондықтан тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде дәрігерді үйге шақырған жөн. Тұмаумен ауырған жағдайда адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттілігі, үйде төсекте жату режимін сақтау, дәрігердің берген емін қабылдау, күнделікті бөлменің ауасын тазарту, желдету керектігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқа жаңалықтар


