Студенттердің зертханалардағы оқу практикасы

Алдымен практиканың мақсаттары, міндеттері мен мазмұны талқыланды. Ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу мерзімдері мен нысандары жарияланды. Практика бағдарламасы, жеке тапсырмалар мен практика күнделіктері берілді. Студентер қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамадан өтті: зертханадағы қауіпсіздік ережелерімен танысты. Химия және химиялық технология факультетінің кейбір кафедрасының зертханаларымен танысуға мүмкіндік туды. Зертханалық қондырғылар көрсетілімімен экскурсия өткізілді. Мұнайхимия зертханасы мұнай және оның өнімдерінің химиялық құрамы мен қасиеттерін зерттеуге бағытталған. Практика барысында мұнайдың негізгі құрамдас бөліктерімен (парафиндер, нафтендер, ароматты көмірсутектер) танысты және олардың физика-химиялық қасиеттерін білді. Зертханада жасалған тәжірибелер мұнай өнімдерінің сапасын бағалауға, өңдеу әдістерін түсінуге және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз технологияларды таңдауға мүмкіндік береді. Электрохимиялық процестердің көмегімен литий және натрий негізінде аккумуляторлар жасалады. Аналитикалық химия және қоршаған орта зертханасы заманауи аналитикалық аспаптармен танысты. Органикалық химия зертханасында органикалық қосылыстарды синтездеу және тазарту әдістері көрсетілді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химия технологиясы факультетінде 64-ші Химиктер күні өтті. Іс-шара № 64 элемент - Гадолинийге (Gd) арналды. Студенттер гадолинийді медицина мен технологияларда пайдалану туралы білді. Факультеттің жетістіктері, ғылыми және қоғамдық өмірі, түлектері туралы бейнебаян көрсетілді. Түлектердің 55 және 5 жылдық мерейтойына орай бейнежазбалар көрсетілді. Қазіргі түлектердің сөйлеген сөздері жігерлі болды. Мерекелік көңіл-күй химиктердің бірлігін көрсетіп, мамандыққа үлес қосуға деген ынтасын арттырды.
Практика жетекшісі, х.ғ.к., доцент Н.Қ.Жакирова